ЕР ТӨСТІК

Инсценировка авторы: Сағидуллаев Данияр
Режиссері: Хабибуллина Райымгүл
Суретшісі: Мамырбаев Айтілеу, Ержанова Дана
Композиторы: Зәкәрия Серік

«Ер Төстік» — қазақ халқының батырлық туралы қиял-ғажайып ертегілерінің бірі.
Осы ертегі желісімен сахналанған қойылымда Ер Төстік әкесі Ерназардың еліне жұт
туғызып, сегіз ағасын тұтқынға түсірген зұлым күш иесі Айдаһар мен оның көмекшісі
Жалмауыз кемпірді жеңеді. Оларды жеңу жолында қиындықтар мен кедергілерді
бағындырады.
Ер Төстік пен Кенжекей арасындағы сезім, Ер Төстік пен Самұрық арасындағы
достық байланыс балалар бойына махаббат, ізгілік секілді маңызды құндылықтарды
сіңіруіне септеседі.

Жас ерекшелігі: 5+

Спектакль ұзақтығы: 50 минут

Тұсаукесері: 01.06.2022