V ОБЛЫСТЫҚ “ЕРКЕТЕАТРAQTOBE” АТТЫ БАЛАЛАР ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

29-31 наурыз аралығында, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында V облыстық “ЕркеТеатрAqtobe” атты балалар театр фестивалі өтті. Дәстүрге айналған жыл сайын өтетін фестивальге 4-10 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты.

Фестивальге Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімінің» басшысы Утекешова Манаргүл Жаубасарқызы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасы қатысушыларды 4-6, 7-8 және 9-10 жас категориялары арасында үздіктерді анықтап, қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Фестивальге Ақтөбе қаласы және Қандағаш қаласы, Хромтау, Алға аудандарынан 350-ге жуық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері (34 ұжым) қатысады.

Аталған шараға

1. Актер, ҚР мәдениет саласының үздігі – Мұратов Нұрат Мұратұлы;

2.Актриса, ҚР мәдениет қайраткері – Баймағанбетова Гульнара Мұхамеджановна;

3. Актриса, ҚР мәдениет саласының үздігі Сулеймен Ләззат;

4. Қалалық білім бөлімінен Шинтеміров Фархат төрелік етті.

Фестиваль қортындысы:

«Ең үздік костьюм» номициясы- «Саңырауқұлақ саясында» қойылымы – Жұмабек Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектебі марапатталады.

 «Ең үздік костьюм» номициясы – «Дос іздеген бота» қойылымы – №43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымы

 «Ең үздік костьюм» номициясы – «Заяц-портной» қойылымы – «Жәнібек» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік костюм номинациясы» –  «7 лақ» қойылымы үшін –  №8 «Гауһар» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік сценография» номинациясы – «Үйшік» қойылымы – «Жасмин» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік сценография» номинациясы – «Шалқан» қойылымы – «Патша бала» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік сценография» номинациясы – «Қарлығаш пен Дәуіт» қойылымы – №50 «Алтын бесік» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік әртістік шеберлік» номинациясы – «Үйшік»  қойылымы – Бопай мектепке дейінгі ұйымы

 «Ең үздік қазақы спектакль» номинациясы – «Тұсаукесер» қойылымы – №41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйымы

 «Ең үздік ансамбль» номинациясы – «Инелік пен құмырсқа» спектаклі – №31 «Күншуақ»  мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік ансамбль» номинациясы – «Теремок» қойылымы – №44 «Тұлпар» мектепке дейінгі ұйымы

 «Көрермен көзайымы» номинациясы – «Шалқан» қойылымы – №6 «Альфия» мектепке дейінгі ұйымы

 «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу» номинациясы – «Күн іздеген достар» – №3 «Ертегі» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік сатиралық қойылым» номинациясы – «Как коза повстречалась с коррупцией» қойылымы – №40 «Балдаурен» мектепке дейінгі ұйымы

 «Ең үздік эпизодтық рөл» номинациясы – «Бауырсақ» қойылымындағы түлкі рөлі үшін Джумакулова Азиза – «Инаят Ай» мектепке дейінгі ұйымы

«Үміт сыйлығы» номинациясы – «Күн іздеген достар» қойылымы үшін – №36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымы

 «Көрермен көзайымы» номианациясы – «Бауырсақ» қойылымы үшін – №69 жалпы білім беретін орта мектебі

«Ертегіні жаңа форматта көрсеткені үшін» номинациясы – «Бауырсақ» қойылымы – №62 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

«Ең үздік актер» номинациясы-  «Кірпі мен қарға» қойылымындағы «Патша» рөлін сомдаған Жанымгерей Дарын Даниярұлы марапатталады.  №34 «Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік актер» номинациясы – «Анасын іздеген құлыншақ» қойылымындағы құлыншақ рөлін сомдаған Бибіталі Заңғар – №15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік актриса» номинациясы – «Ешкі қалай үй салды» қойылымындағы ешкінің рөлін сомдаған Артурқызы Нурай – №19 «Бұлақ» мектепке дейінгі ұйымы

 «Заманауи қойылым» номинациясы – «Бауырсақ бала» қойылымы үшін – №24 А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы

«Ең үздік қойылым» номинациясы – Қалалық оқушылар сарайының «Жасарт» балалар театры

«Ең үздік спектакль» номинациясы – «Аяз би» қойылымы  – №45 «Алтын бала» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік спектакль» номинациясы – «Қаңбақ шал» қойылымы – №49 «Думан» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік режиссерлік жұмыс», «Ең үздік қойылым» номинациялары – «Ds theatre studio»  Қандағаш қаласы

«Ең үздік музыкалық сүйемелдеу» -«Кішкентай тышқан» – №6 «Орман ертегі» МДҰ

«Ең үздік қуыршақ театры қойылымы» номинациясы – №4 «Гүлдер» МДҰ, Хромтау қаласы

«Ең үздік костюм номинациясы» –  «Шегіртке мен құмырсқа» қойылымы үшін –  №12 «Інжугүл» мектепке дейінгі ұйымы

«Ең үздік хареография» номинациясы – «Спекшите делать добро» қойылымы – «Айлин» МДҰ

«Ең үздік ансамбль» номинациясы – «Үйшік» спектаклі – «Ботақан»  мектепке дейінгі ұйымы

«Көрермен көзайымы» номинациясы – «Курочка Ряба» қойылымы – №7 арнайы (түзету) мектебі.