VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында 2022 жылдың 19-24 қыркүйек аралығында VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театр фестивалі өтті.

Фестиваль келесідей мақсаттар мен міндеттерді көздеп, қол жеткізді:

  • Қуыршақ театры өнерін кеңінен таратып, шығармашылық байланысты нығайту.
  • Түрлі мемлекет қуыршақ театрлары ұжымдарының өзара кәсіби тұрғыда араласуына және серіктестіктің туындауына жағдай жасау.
  • Фестивальға қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыру

Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі Ақтөбе облысының өнер мен мәдениет айдынындағы брендттік жобасына айналып отыр. Биыл күрделі жөндеу жұмысынан кейін жұмысы жанданған «Алақай» қуыршақ театрының жаңа маусымы Халықаралық «Ассалаумағалейкум» VI фестивалімен ашылды.

Фестивальге Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 14 қуыршақ театрлары келесідей қойылымдармен қатысты:

  1. Башқұрстан мемлекеттік қуыршақ театры| Ресей, Башқұртстан, Уфа қаласы – «Гадкий утенок» қойылымы
  2. Қостанай облыстық қуыршақ театры | Қазақстан, Қостанай қаласы – «Ястребенок» қойылымы
  3. Ферғана облыстық қуыршақ театры | Өзбекстан, Ферғана қаласы – «Музыкальная чайхана» қойылымы
  4. Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры | Қазақстан, Петропавл қаласы – «Кошки-мышки» қойылымы
  5. Ингуш мемлекеттік жас көрермендер театры | Ресей, Ингушетия, Назрань қаласы – «Гроза» қойылымы
  6. Астана қаласы қуыршақ театры | Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы – «Ер Төстік» қойылымы
  7. Бурят республикалық «Ульгэр» қуыршақ театры | Ресей, Бурятия, Улан-Удэ қаласы – «Волшебная лампа Аладдина» қойылымы
  8. М.Жангазиева атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры | Қырғызстан, Бішкек қаласы – «Атадан калган туяк» қойылымы
  9. Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры | Қазақстан, Алматы қаласы – «Абай.Впечатления» қойылымы
  10. Маңғыстау облыстық қуыршақ театры | Қазақстан, Ақтау қаласы – «Земля предков» қойылымы
  11. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры | Қазақстан, Шымкент қаласы – «Асыл шөп» қойылымы
  12. Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры | Қазақстан, Қызылорда қаласы – «Ұр, Тоқпақ» қойылымы
  13. Владимир облыстық қуыршақ театры | Ресей, Владимир қаласы – «Маугли» қойылымы
  14. Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры |Қазақстан, Ақтөбе қаласы – «Собака» қойылымы

Фестивальге төрелік еткен қазылар алқасының мүшелері: 

  1. Қабдиева Сәния Дүйсенханқызы (Қазылар алқасының төрағасы) – өнертану кандитаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры. (IATC) Халықаралық театр сыншылары қауымдастығы Қазақстандық секциясының төрайымы. Алматы қ., Қазақстан
  2. Бурман Давид Семёнович – ресейлік театр режиссері және продюсер. Ресей Федерациясы Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Санкт-Петербург қаласы әкімшілігі Мәдениет комитетінің мемлекеттік емес театрлар жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі. UNIMA, AVIAMA, ENCATC мүшесі. KUKART халықаралық фестивалінің президенті және директоры. Санкт-Петербург қ., Ресей
  3. Парманов Бекпулат Саттарұлы – М.Горкий атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрының бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Астана қ., Қазақстан

4.Давлетшина Дина Гатуевна – Театртанушы, театр сыншысы, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Уфа, Башқұртстан.

Фестиваль ашылуы 20 қыркүйек күні өтті. Оған Ақтөбе облысы әкімі орынбасары Елеусінова Б.О. қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

Баспасөз маслихаты өтіп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю Юнисова, «Алақай» қуыршақ театрының директоры А.Т. Құрманалина және фестивальдің қазылар алқасы мүшелері республикалық, облыстық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

20-22 аралығында фестиваль қатысушылар қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, күн сайын қазылар алқасының мүшесі, режиссер Б.С. Парманов қатысушыларға «Қуыршақ ойнау өнеріндегі актерлік шеберліктің спецификалық ерекшеліктері» атты шеберлік сағатын өткізді.

23 қыркүйек күні фестиваль қатысушылары Есет батыр мавзолейіне барып, Ақтөбе облысының киелі жерлерімен танысты. Сол күні кешке фестивальдің жабылуы өтіп, барлық қатысушыларға, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен бірге, VI Халықаралық “Ассалаумағалейкум” қуыршақ театрлар фестиваліне арнайы шақыртылған қонақтарымыз Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Саратов қаласынан «Достар қазақ мәдениеті мен спортын дамыту қоры» мемлекеттік емес мекемесі жанынан құрылған «Алтын сақа» қуыршақ театрына “Алақай” қуыршақ театры атынан “Кірпітай мен Тасбақа” спектаклі және қазақстандық театрлардан сыйлықтар тапсырылды.

Фестиваль қортындысы:

  1. «Ересектерге арналған үздік қойылым» – Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры – “Абай.Впечатление” қойылымы (400 000тг)
  2. «Балаларға арналған ең үздік қойылым» – Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры – «Асыл шөп» қойылымы (400 000тг)
  3. «Үздік сценографиялық концепция» – Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры – «Собака» қойылымы (300 000тг)
  4. «Үздік актерлық ансамбль» – Ферғана облыстық қуыршақ театры – «Музыкальная чайхана» қойылымы (200 000тг)
  5. «Үздік актер» – Бегашев Ержан -Маңғыстау облыстық қуыршақ театры – «Земля предков» қойылымы (200 000тг)
  6. «Үздік актриса» – Толқын Өмірзақова – Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, «Асыл шөп» қойылымы (200 000тг)