ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «TEАRT-КӨКШЕ» ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ

«Алақай» қуыршақ театры 2021 жылдың 4-8 қазан аралығында Ақмола облысы, Көкшетау қаласында өткен «Teart-Көкше» Халықаралық театрлар фестивалінде грузин жазушысы Н.Думбадзенің әңгімесі желісі бойынша, режисер А.Зайцевтің «Ит» спектаклімен өнер көрсетіп, «Суретшінің ең үздік жұмысы» номинациясын иеленді.

Фестивальге Ресей, Қызғызстан, Қазақстанның 11 театры қатысып, 13 спектакль көрсетілді.