ИТ

Авторы: Нодар Думбадзе

Инсценировка авторы: Елена Локшина

Режиссері: Антон Зайцев

Суретшісі: Әсия Құрманалина

Композиторы: Дина Ниязова

Соғыс кезіндегі адамдардың көңіл-күйі, олардың қоршаған орта жағдайына қарамастан адамгершілік қасиеттерін сақтаудың маңыздылығы туралы әрі бұның бәрі кішкентай ғана иттің көңіл көкжиегімен көрсетілетін қойылым.

Қойылымның ерекше формасы көрерменге бұл оқиғаға иттің көзімен қарауға мүмкіндік береді. Әлемді, қоршаған ортаны иттің дүниетанымымен көрсетуге тырысады. Сонымен бірге, спектакльде жалпы адамзаттың құндылықтар қозғалады. Жақсылық пен жамандық, адам мен адам, адам мен табиғат арасындағы байланыс және қатігездік, әділдік, жанашырлық, достық тақырыптарын қозғау арқылы барлық адамды бейжай қалдырмайтын мәселелер көтеріледі.

Әр көрермен аталған тақырыптарға өз қалағанынша еніп, өз биігінде қабылдай алады.

Қаңғыбас иттің бұл оқиғасы әркімге ой салып, өмірге басқаша қарауға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Жас ерекшелігі: 7+

Спектакль ұзақтығы: 50 минут

Тұсаукесері: 23.09.2020 жыл