Сералина Aлина Eділханқызы

Сералина Алина Еділханқызы, шілде айының 10 – шы жұлдызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.

2013 жылы Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің «актерлік өнер» мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы «драма театр әртісі» мамандығын тәмамдаған.

2015 – 2017 жылдар арлығында Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында актриса ретінде қызмет жасады.

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында 2017 жылдың тамыз айынан бастап актриса ретінде қызмет етеді. Қызметке тұрған күннен бастап өзін жауапкершілігі мол талапты жас маман ретінде көрсете білді. Балаларға арналған қойылымдардағы рөлдерін өзінің театр саласындағы өнерін шыңдап, барынша қызығушылықпен сомдауға тырысады.

Бүгінгі күні «Алақай» қуыршақ театр сахнасында да білікті де талантты актриса бола алатындығын дәлелдеп келеді. Е.Иванованың «Қызыл, сары, жасыл көк және аздап көгілдір» атты спектакльінде Қызыл түсті бағдаршамның рөлін өз деңгейіне жеткізе орындаса, «Денсаулық – зор байлық» қойылымында Маржан атты қыздың достығы мен қамқорлығын дауыс ырғағы, қимыл-қозғалысы арқылы кішкентай көрермендерге лайықты дәрежеде жеткізе білді.

Жұмысқа тұрған аз уақыт ішінде ұжымдастарының алдында сабырлы да кішіпейіл, ашық мінезімен айналасындағылармен тез тіл табысып, сыйлы қызметкерлер қатарына енді. Досқа адал. Елгезек және қағілез.