Татарстан Республикасының Буинск қаласы

“БУА: Диалог кеңістігі” II Халықаралық театр фестивалі

 

Татарстан Республикасы Буа қаласында  2018 жылдың 15-24 мамыр аралығында өткізілген  “БУА: Диалог кеңістігі” II Халықаралық театр фестиваліне Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Заманауи Қазақстан –Жаһандық әлемде» арнаулы жобасы аясында Н.Гогольдың «Шинель» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шапан» қойылымымен қатысты.

Аталған фестивальге Швейцария, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері мен Москва, Қазан, Уфа, Чебоксары, Йошкар-Ола, Глазов, Буинск, Альметьевск, Оренбург, Стерлитамак, Нижнекамск, Нальчик, Набережные Челны қалаларынан  барлығы 22 театр ұжымы өнер көрсетті.