Аспандап ұшқан ақ тырна

Жапон халқының аңызы желісімен

Авторы:Дзюндзи Киносита

Режиссері: Р.Рахимов

Суретшісі: В. Ефарицкий

 Бұл ежелгі «Тырна қауырсындары» атты жапон аңызы. Бірде кедей шаруа тырнаны құтқарады. Артынша оның есігін сұлу бойжеткен қағып, оның әйелі болады. Бірде әйелі түнде күйеуіне сыйлық ретінде сөз жетпес көркем де ғажайып сұлу кенеп тігеді. Ал, ауыл тұрғындары ол кенепті көрісімен оның матасы шынайы тырна қауырсындарынан жасалған, өте қымбатқа бағаланатын зат екендігін айтады. Көкірегін қызғаныш кернегендер шаруаға әйеліңе тағы бір кенеп тіктіріп сат  деп азғыра бастайды. Күйеуінің өтініші бойынша әйелі кенеп тігуге келіседі, бірақ әйелі дүниеде ешкім оның қалай тіккенін көрмеуге тиіс деп шарт қояды. Бірақ, қызығушылығын жеңе алмаған шаруа шартты бұзып қояды, ал ауылдың ашкөз тұрғындары аспанда жалғыз ұшып бара жатқан тырнаны көреді.

Жас ерекшелігі: 13+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут.

Тұсаукесері: ақпан, 2011 ж.