Орынбасаров Әлішер

Орынбасаров Әлішер Қанатұлы 1992 жылы  24 қазанда  Ақтөбе облысында дүниеге келген.  2014 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Филология» факультетін бітірген. Өнерге  деген асқан қызығушылығы оны оқу бітіргеннен кейін қуыршақ театр сахнасына алып келді. Сөз өнерін, әр сөздің айтылу мәнерін меңгерген Әлішер  қабілетімен, актерге тән дауыс ырғағы, түр-әлпетімен  бірден көзге түсетін талантты өнер иесі. Өзіне берілген тапсырманы бар ынта-жігерімен орындайды. Жұмысына ұқыпты.  Кез-келген рөлді жоғары деңгейде алып шығады. Театрда жұмыс жасаған аз ғана уақыт ішінде мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында ол репертуардағы маңызды қойылымдарда өнер көрсетуде.

       Репертуардағы рөлдері:

  1. С.Қалиев «Қоянның қулығы» — Есек. Режиссер — Д.Жәлекенов, 2000ж.
  2. Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік» —  Марабу. Режиссер — Г.Гипиков, 2002ж.
  3. «Жарқыра, жайна достар!!» — әртүрлі рөлдер. Режиссер — Г.Гипиков, 2009ж.
  4. М.Бартенев «Беске дейін санаймын» — Крот. Режиссер — В.Смирнов, 2010ж
  5. Жапон ертегісінің желісімен «Аспандап ұшқан ақ тырна» — Ясунари. Режиссер — Р.Рахимов, 2011ж.
  6. С.Балыков «Тізгініңді босат та құстай самға !.» — Шаман. Режиссер — С.Балыков, 2011ж.
  7. « Мультиертегі..» — Құбыжық, Пингвин. Режиссер — Ж.Калкабеков, 2014ж.
  8. Б.Ходырев «Жарқын қала» — Теңіз шаяны.  Режиссер — Б.Ходырев, 2014ж.
  9. Г.Калдина «Сезім жібі» — Айбас. Режиссер — Б.Парманов, 2014ж.
  10. Д.Исабеков «Құстар фестивалі» — Сауысқан. Режиссер — Мейрам Хабиболла, 2016г.
  11. Т.Майбас «Алтын Адам» — Барс. Режиссер — Мейрам Хабиболла, 2016г.
  12. М.Логинов «Ғажайып қолшатыр» — Оле Лукойе, Щенок, Червячок. Режиссер — Роза Балгаликызы, 2016г.