Өзге ұлт этнос театр қайраткерлері мен білікті мамандарымен «Алақай» қуыршақ театрының ұжымы қатысуымен онлай-дөңгелек үстел.

2021 жылдың 22 қыркүйек күні «Алақай» қуыршақ театры Ресейлік театр әртістері мен режиссерларымен бірлесіп, ZOOM платформасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде қазіргі театр мәселелері жайлы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар «Белое, Черное и Настоящее» атты драматург А.Бесчастнованың пьессасы талқыланды. Онлайн-дөңгелек үстелге Мәскеу қаласындағы «Маленькая ремарка» байқауының эксперті Игорь Сидерук арнайы қонақ болды.