“Алақай” қуыршақ театрының 35 жылдық мерейтойы өтті

29 қараша алғашқы негізі 1989 жылы қаланған Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының 35 жылдық мерейтойы болып өтті. Бұл іс-шараға сақтық талаптарына сай облыстың мәдениет саласы өкілдерінің арнайы шақыртылған қонақтары ғана қатысты.
Мерейтойлық іс-шараның шымылдығын Ақтөбе облысы әкімі атынан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы құттықтауымен ашып берді. Және театрдың бірқатар қызметкерлері, театр ұжымы облыс әкімі атынан, мәдениет басқармасы атынан мерейтойлық алғысхаттармен марапатталды.
 
Театр әртістері, қызметкерлері мерейтойлық іс-шарада “Алақай” театрының тарихымен өрілген өмір жолдарын, театр ғимараттары, алғашқы рөлдері, гастрольдік сапарлардағы, фестивальдердегі қызықты оқиғаларын баяндап, спектакльдердегі әндерді шырқап, театр өміріне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, кеш жүргізушісімен сұхбаттасты.
Қазақстанның және алыс-жақын шетелдік әріптестерінің видеоқұттықтаулары жолданды.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат, облыстық білім басқармасы, кәсіподақ ұйымы өкілдері сөз алып, театрды мерейтойымен құттықтап, алғысхаттар табыстады.
Мерейтойға «Алақай» театрының алғашқы директорлары Қадыр Анқапов, Назира Сәрсенбаева және театрда қызмет еткен қонақтар қатысып, өз лебіздерін білдірді.