«Ассалаумағалейкүм-VІ» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне шақырамыз!

Құрметті көзі қарақты театр сүйер қауым!

Сіздерді «Алақай» қуыршақ театрының 35 жылдығына арналып өткізілетін «Ассалаумағалейкүм-VІ» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысуға шақырамыз.

 

Фестивальдің өтетін уақыты: 20-25 қыркүйек 2020ж.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Облыстық “Алақай” қуыршақ театры

Фестиваль өткізудегі ұйымдастырушылық ұстанымдар:

1. Қатысуға өтінімдер 01 маусым 2020 жылға дейін қабылданады.

2. Фестиваль конкурстық негізде, төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

– «Үздік спектакль»;

– «Үздік режиссерлық туынды»;

– «Үздік сценография»;

– «Үздік музыкалық көркемдеу»;

– «Үздік актер»;

– « Үздік актриса»;

Байланыс телефондары: 8(7132) 95-21-12, 8(7132) 50-24-99, 8(7132) 53-14-24

E-mail: alakai-aktobe@mail.ru

Келіңіздер! Көріңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!