«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы  аясында II облыстық «ЕркеТеатрAktobe» балалар театр фестивалі өткізілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы  аясында II облыстық «ЕркеТеатрAktobe» балалар театр фестивалі өткізілді

27-28 наурыз  Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы  аясында облыстық  «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына  II облыстық «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты: жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылық деңгейін көтеру, қолдау, дамыту, балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту, театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту.

27 наурыз «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалінің ашылуына «Алақай» театр ұжымы театрландырлыған көрініс көрсетті. Шараның ашылуына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Н.Қорғанбаева қатысып, жас өрендердің өнерін тамашалады.

Фестивальде  жалпы 16 ұжым қатысып, барлығы 130  бүлдіршін өнер көрсетті. Аталған шарада қазылар алқасына Т.Ахтанов атындағы драма театры, орыс труппасының бас режиссері Қалкабеков Жеңіс Абитбекұлы төрелік етті. Мүшелері «Алақай» қуыршақ театрының директоры Құрманалина Әсия Тәжібекқызы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, қазақ труппасының бас режиссері Хабибуллин Мейрам Мақсотұлы, «Алақай» қуыршақ театрының актері Мұратов Нұрат Мұратұлы және режиссер Қожаева Гүлбақыт Саламатқызы төрелік етті.

Қазылар алқасы  қатысушыларды 4 – 6, 7-8 және 9-10 жас категориялары, «Ең үздік адамгершілік және моральдық ізденіс», «Үміт», «Ең үздік театр қойылымы», «Ең үздік әуен», «Ең үздік афиша және бағдарлама», «Үлкен үміт», «Ең үздік көркемдік жетекші», «Ең үздік актер», «Ең үздік спектакль», «Ең үздік актриса», «Ең үздік сценография», «Жоғары деңгейдегі қойылым мәдениеті», «Жас жігер» номинациялары бойынша үздіктерді анықтап, барлық қатысушыларды дипломдар және естелік сыйлықтармен марапаттады.