БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Рухани жаңғыру» бағ

дарламасы аясындағы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Қуыршақтар керуені» іссапары

 

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 2019 жылдың сәуір және қазан айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Қуыршақтар керуені» іссапарын өткізеді.

           

            Жоба құрылтайшысы: Ақтөбе облысының әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Ұйымдастырушысы: Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры

Жобаның мақсаты:«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, халықаралық, өңірлік байланысты күшейту және өзара театр мәдениетін байыту, қуыршақ театр өнері мен еліміздің ұлттық мәдениетін өркендету, шығармашылық байланыс орнату.

Жобада көрсетілетін қойылымдар мен қалалар,  өткізілетін уақыты туралы ақпарат:

 

Спектакль атауы: «Жадыра, жайна достар!»

Режиссері: Г.Гипиков

Суретшісі: Г.Гипиков

Жас ерекшелігі: 3+

Спектакльдің ұзақтығы: 60 минут.

Спектакль аннотациясы: Бұл қойылымда  ән салатын және би билейтін 26 қуыршақ өнер көрсетеді. Сіздер қойылымнан қолғапты және планшетті, бойлы және еркін жүретін әр түрлі қуыршақ түрін көре аласыз. Бұл тек балаларды ғана емес, сонымен қатар ересектердің де көңілін көтеруге арналған көпұлтты эстрадалық шоу. Әсем шырқалған сыған әні, сиқырлы шығыс және грузин биі, марионетке қуыршақтарының кубан хоры арқылы біз қуыршақтарды жандандыратын кәсіби шеберлігімізді көрермен назарына ұсынамыз.

 

Спектакль көрсетілетін қалалар мен көрсетілім уақыттары:

√31-03 – 1.04 – Қостанай

√2.04 – Петропавл

√3.04 – Көкшетау

√4.04 – Павлодар

√5.04 – Семей

√6.04 – Өскемен

√7-8.04 –Қарағанды

√9.04 – Астана

 

Спектакль атауы: Ат тұяғын тай басар

Авторы : М.Азов, В.Тихвинский

Режиссері: Е.Пермяков

Суретшісі: Ә.Құрманалина

Жас ерекшелігі: 10+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут

 

Спектакль аннотациясы: Спектакль тақырыбы қазақтың тұрмыс-тіршілігіне жақын. Бас кейіпкері жеке тұлға болып қалыптасу жолында кездескен қиыншылықтар мен тосқауылдарға төтеп бере отырып жетіледі. Яғни, үйірінен саяқ кеткен құлыншақ сыртқы жаудан қорғана алатын бесті айғыр болып оралады.

Спектакль психологиялық параллелизмге негізделген. Сәби мен құлыншақтың дүниеге келуі, қоршаған ортаға таңғала жүріп, бейімделуі қатар суреттеледі.

 

Спектакль көрсетілетін қалалар мен көрсетілім уақыттары:

√22.04 – Тольятти

√23.04 – Буинск

√24-25.04 – Қазан

√26.04 – Уфа

√27.04 – Орынбор

√7.10 – Алматы

√8.10 – Бішкек

√9.10– Тараз

√10.10 – Шымкент

√11.10 – Ташкент

√12-13.10 – Түркістан

√14.10 – Қызылорда

 

 

Спектакль атауы: «Тізгініңді босат та, құстай самға!»

Авторы: С.Балыков

Режиссері: С.Балыков

Суретшісі: Ә. Құрманалина

Жас ерекшелігі: 10+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут.

Спектакль аннотациясы: Өткен заманнан бізге жеткен аңыз бойынша жас бала беймәлім дүлей күштермен текестіресіп, бойындағы үрейді, кез болған қарсылықты қалай жеңді? Ол өз даласын, елін, жерін қауіп- қатерден құтқара алды ма? Спектакль мазмұны осындай ой тастап, мақсатқа жетелейді.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін бейнелеп, жас көрермендерді ұлттық  мәдениетіміздің нәрімен сусындатады. Қуыршақ өнерінің сан түрлері қамтылған бұл қойылым үлкенге де балаға да сиқырлы ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер ететіні анық.

Спектакль көрсетілетін қалалар мен көрсетілім уақыттары:

28.10 – Атырау

29-30.10 – Астрахань

31.10 – Орал

Байланыс ақпараттары:

Бисенғалиева Гүлнара Ойлдыахметқызы 8 (701) 157 65 82

Құрманалина Әсия Тәжібекқызы 8 (701) 470 38 44

Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24

E-mail: alakai-aktobe@mail.ru

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры