Білікті маман – театр болашағы!

28 мамыр 3 маусым аралығында Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткізілген V Халықаралық «Наурыз» форум –семинарына театр актерлері Орынбасаров Әлішер және Сералина Алина педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, режиссер Куриленко Эльмира Ростиславовна жүргізген «Қуыршақ театр актерлері мен режиссерлері өнері” шығармашылық лабораториясында”Петрушка қуыршағының ерекшеліктері, қолғапты қуыршақпен жұмыс жасау жолдары мен заңдылықтары” тақырыбында практикалық сабақтарға қатысса, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Төле Мадина “Театр сыны, әдебиет бөлімінің жұмысы” шығармашылық лабораториясында белгілі театр сыншылары Александр Александрович Вислов және Елена Юрьевна Карась “Заманауи театрда әдебиет бөлім қызметкерлері нені білуі керек?”, “Театр рецензияларының жанры”, “Спектакльге ауызша рецензия” тақырыптарында теориялық, практикалық тұрғыда біліктіліктерін арттырғандығы жөніндегі куәліктерге ие болды.