«АЛАҚАЙ» қуыршақ театры Татарстан республикасы

14- 24 мамыр аралығында «Алақай» қуыршақ театры Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Заманауи Қазақстан –Жаһандық әлемде» арнаулы жобасы аясында  Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының  Набережные Челны, Апастово, Тетюши, Кайбиц, Буа, Ульяновск қалаларында  гастольдік іс-сапар өткізді. Сонымен қатар, VI Халықаралық «Рабочая лошадка», II Халықаралық  “Буа: Диалог кеңістігі” халықаарлық театр фестивальдеріне «Қаңбақ шал» және Н.В.Гогольдың «Шапан»  спектакльдерімен қатысты.

Көпұлтты Қазақстанның жаһандық әлемдегі жоғары беделін қалыптастыру, дамыту, шығармашылық байланыс орнату және нығайту, қуыршақ театр өнерін дәріптеу мақсатында  Набережные Челны қаласында өткізілген VI Халықаралық «Рабочая лошадка» қуыршақ театрлар фестивалінде халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған «Қаңбақ шал» қойылымының суретшісі, «Алақай» қуыршақ театр директоры Құрманалина Әсия Тәжібекқызы «Үздік суретші жұмысы» номинациясын жеңіп алса, Буа қаласындағы “БУА: Диалог кеңістігі” II Халықаралық театр фестивалінде Н.Гогольдың «Шинель» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шапан» қойылымы арнайы Дипломға ие болды.

Аталған фестивальдерге Швейцария, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері мен Москва, Қазан, Уфа, Чебоксары, Йошкар-Ола, Глазов, Буинск, Альметьевск, Оренбург, Стерлитамак, Нижнекамск, Нальчик, Набережные Челны қалаларынан келген театр ұжымдары  өнер көрсетті.

Тілі мен діні, тарихы мен тағылымы ұқсас көршілес Татарстан Республикасының мәдени ошақтарына Қазақстан Республикасы, Ақтөбе мәдениет басқармасы және «Алақай» қуыршақ театр ұжымының атынан Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ

 театрының әдебиет бөлім меңгерушісі

Төле Мадина