Татарстан Республикасы Набережные Челны қаласы

Халықаралық «Рабочая лошадка» қуыршақ театрлар фестивалі

 

2018 жылдың 13 – 18 мамыр аралығында Татарстан Республикасы, Набережные Челны қаласында өткізілген VI Халықаралық «Рабочая лошадка» қуыршақ театрлар фестивалінде халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған «Қаңбақ шал» қойылымының суретшісі, «Алақай» қуыршақ театр директоры Құрманалина Әсия Тәжібекқызы «ҮЗДІК СУРЕТШІ ЖҰМЫСЫ» номинациясын жеңіп алды.