«Алақай» қуыршақ театрының халықаралық турлары

14-24 мамыр аралығында Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры II Халықаралық “Буа: Диалог кеңістігі” театр фестиваліне орай “Руxани жаңғыру” бағдарламасы “Заманауи Қазақстан – Жаһандық әлемде” кіші бағдарламасы аясында «Қаңбақ шал» қойылымын Татарстан Республикасы Набережные Челны, Апастово, Тетюши, Кайбиц қалаларында сахналады.