АЛАҚАЙ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

27 наруыз – Халықаралық театр күніне орай Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр сахнасында театр саласындағы қызметкерлерді салтанатты марапаттау кеші болып өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Нағашыбекқызы Қорғанбаева өзінің және облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың атынан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар және қаржылай сертификаттар табыстады. Аталған марапатқа «Алақай» қуыршақ театрының директоры Ә.Т.Құрманалина, театр әкімшісі Ж.К.Маймакова, актер Д.И.Балапанов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі М.С.Төле және инженер-құрастырушы А.А.Мамырбаев ие болды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай келе, шығармашылық жетістіктер, жағымды жаңалықтар тілейміз!

«Алақай» қуыршақ театрының ұжымы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығының қолдауына үлкен алғыс білдіреді!