АЛАҚАЙ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕДЕ!

Алақай театрының  шығармашылық  ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындарымыз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыздан кеңінен хабардар ететін танымдық «Қош келдің, нұрлы мереке!» атты балаларға арналған ертеңгіліктерді көрермендер назарына ұсынуда. Ертеңгілік барысында кішкентай бүлдіршіндер тәлімі терең, тағылымы мол Наурыз мерекесі жайлы толықтай ақпарат алып, халқымыздың дәстүрлі бесікке бөлеу рәсімі, арқан тартыс, қол күрес сынды ұлттық ойындарымен қатар, бірлесе би билеп, көңілді ән шырқауда.