Тізгініңді босат та, құстай самға!

Авторы: С.Балыков

Режиссері: С.Балыков

Суретшісі: Ә. Құрманалина

                                                                Музыкамен көркемдеуші:А.Ермекбаев

                                                                          Хореограф: Қ.Дандағариев

«Сырттандар» атты қазақ халық ертегісі желісімен жазылған пьесаның қойылымы.

Өткен заманнан бізге жеткен аңыз бойынша жас бала беймәлім дүлей күштермен текестіресіп, бойындағы үрейді, кез болған қарсылықты қалай жеңді? Ол өз даласын, елін, жерін қауіп- қатерден құтқара алды ма? Спектакль мазмұны осындай ой тастап, мақсатқа жетелейді.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін бейнелеп, жас көрермендерді ұлттық  мәдениетіміздің нәрімен сусындатады. Қуыршақ өнерінің сан түрлері қамтылған бұл қойылым үлкенге де балаға да сиқырлы ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер ететіні анық.

Жас ерекшелігі: 10+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут.

Тұсаукесері: қыркүйек, 2011 ж.