Ғажайып қолшатыр

Авторы : М. Логинов

Режиссері: Роза Балғаликызы

Суретшісі: Л. Ниязова

Музыкамен көркемдеуші: М. Логинов

Көзімізді жұмып, қатты ұйқыға берілсек алыстағы ай мен күн жанымызда тұрғандай сезіледі. Сол кезде айдағы күшік, пілдің баласы, марғау және де күн бетіндегі қоян, түлкішектер кәдімгі жер бетіндегі балалардай бірге ойнап, дос болып, кей кездері ренжісіп, бірге армандап өмір кешіп жатқанын анық көре аламыз.

Әрине олар жер бетіндегі балаларды қуана-қуана қонаққа шақырып, олармен ғажайыптар әлеміне апаратын «Айдағы түстер» және «Күн туралы түс» ойындарын ойнатады.

Жас ерекшелігі: 3+

Ұзақтығы: 40 минут.

Тұсаукесері: қаңтар , 2017 ж.